2025 жылдың 2 шілде күні Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында қос мекеме білім беру, ғылыми-зерттеу, мәдени мұраны сақтау және оны насихаттау бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Бұл келісім – отандық музей ісі мен тарихты таныту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.

Шара аясында Алматы облысынан келген қонақтарға «Бозоқ» музей-қорығының жұмысы, алдағы жоспарлары мен бірегей археологиялық жәдігерлері таныстырылды. Қонақтар еліміздің ежелгі тарихи тамырларын паш ететін экспозициялармен танысып, болашақтағы бірлескен жобалар туралы пікір алмасты.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» музей-қорығына Астана қаласындағы Quantum STEM School мектебінің жас зерттеуші оқушылары жетекшісі Арыстан Құсайыновпен бірге танымдық сапармен келді. Іс-шара барысында оқушыларға музей-қорықтың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Подробнее »

Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Қалыбаев Асқар Қапалбекович, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ерназаров Асет Сағитұлы, сондай-ақ дирекция қызметкері Ермекқызы Аружан «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесіне арнайы келді.

Подробнее »

ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК мен «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» КММ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Подробнее »