2024 жылғы 18 желтоқсанда ҚР МАМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Сыздық Есбол Жақанұлы мен Мысыр Олжас Дәуренұлы, комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Олжас Дәуренұлы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы хабардар етті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атап өтті.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »