Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК көрнекті ғалым Кемел Ақышұлы Ақышевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында 2024 жылдың 18 сәуірде «Еуразияның заманауи тарихи және тарихи-антропологиялық зерттеулері» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ІІ күннің сессиясын өткізді.

Конференцияның ұйымдастырушылары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, К.А.Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институты, М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті (Саха Республикасы, Якутия), «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей – қорығы, ҚР Ұлттық музейі.

Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. «Бозоқ» музей-қорығының жұмыс бағыттарының бірі – материалдық емес мәдени мұраны жаңартуға бағытталған ғылыми-зерттеу қызметі болып табылады.

Этнографтардың, мәдениеттанушылар мен тарихшылардың мақсатты зерттеулерінің нәтижесінде З.Сұрағанова, Е.Романова және З.Наурзбаева дайындаған «Кумысный праздник степного мира Евразии: лейтмотив, память и идентичность» атты ұжымдық монографиясының тұсаукесері өткізілді. Монографияны дайындау және жариялау 2021-2023 жылдары ҚР МАМ Мәдениет комитетінің «Дәстүрлі рәсім есте қаларлық мәдениетінің көрінісі ретінде: дала Еуразиясының символдық капиталының ресурстары мен стратегиялары» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде іске асырылды.

Конференция жұмысының негізгі теориялық бағыты – Еуразиялық кеңістіктің археологиялық-антропологиялық мәселелерін зерттеу.

Түркітілдес халықтардың этно және мәденигенезис процестерін зерттеу Еуразия ғалымдарының бірлескен ғылыми зерттеулері аясында зерделенуі қажет. Осы мәселелер қазақстандық археолог Кемел Ақышевтың зерттеуінің негізгі тақырыптарының бірі болды. Отандық және шетелдік ғалымдар ежелгі және орта ғасырлардағы еуразиялық кеңістік тарихының мәдени бірлігін көрсететін археологияның, тарихтың және мәдени антропологияның қазіргі заманғы жетістіктерімен, нәтижелерімен және даму перспективаларымен бөлісті.

М. К. Аммосов атындағы Солтүстік-шығыс федералды университетінің доценті Яковлев Айтал қазіргі Якутиядағы саха мен этномәдени бірегейліктің тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы киноның рөлі туралы баяндады.

Ал, Капитолина Яковлева, Солтүстік-Шығыс федералды университетінің тарих факультетінің доценті якут зергерлік бұйымдарының киелі, символдық маңыздылығымен бөлісті.

Капитолина Максимовна өзінің шынайылығын сақтай отырып, қандай әшекейлер дәстүрлі және қайсысы заманауи деп саналатынын ашты.

К.А. Ақышев атындағы Археология ҒЗИ аға ғылыми қызметкері Тілеуғабулов Данияр 2005-2023 жылдардағы Археология институтының жетістіктері мен жұмысының күрделілігі туралы айтып берді.

Республикалық музей-қорықтардың, облыстық, өлкетану, аудандық музейлердің қызметкерлері конференция жұмысына онлайн режимде қатысты.

Конференция жұмысының екі күнінде отандық және шетелдік ғалымдардың 30-дан астам баяндамасы тыңдалды, онда қазіргі заманғы жетістіктер, нәтижелер көрсетіліп, археология, тарих және мәдени антропологияның даму перспективалары белгіленді. Баяндамалардың мазмұны ежелгі және орта ғасырлардағы еуразиялық кеңістік тарихының мәдени бірлігін көрсетеді. Бұл ғылыми мерекеге жас зерттеушілердің қатысқаны маңызды. Бұл ұрпақтар арасындағы байланысты, алдағы онжылдықтардағы кәсіби ғалымдардың болашақ буынын дайындауды көрсетеді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin