2025 жылғы 16 қаңтарында ҚР МАМ МК "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы кеңсесінде "Бозоқ-білім аумағы" мәдени – білім беру платформасы аясында Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп-лицейінің білім алушыларына арналған музей сабағы өтті.

4 сынып оқушылары және тарих пәнінің мұғалімі Мукашева Ляззат Ермековна жетекшілігімен "Бозоқ қалашығы” тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізуде. "Бозоқ" музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Жанболат Асқарұлы Қазанбаев кеңес беріп, көлемді макет негізінде Бозоқ ашық аспан астындағы Ұлттық паркін құру жобасы туралы айтып берді.

Тарих пәнінің мұғалімі Мукашева Ляззат Ермековна мектеп оқушыларын музей сабақтары мен экскурсиялар арқылы ел тарихын тереңдетіп зерттеуге белсенді тартады.

Музей сабағы белсенді, мазмұнды және танымдық оқыту үшін, сондай-ақ оқушылардың Қазақстанның тарихи мұрасына деген қызығушылығын қалыптастыру үшін керемет мүмкіндік болды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »