2021 жылдың 15 шілдесінде «Бозоқ» музей-қорығы белгілі археолог, ғалым Марал Қалымжанқызы Хабдулинаның 70 жылдық мерейтойы аясында ғылыми қосқан үлесіне арналған «Археолог және музей: мәңгілік диалог» атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және көпшілікке таныту мақсатында жүйелі негізде еліміздің жетекші ғалымдарымен, археологтарымен жұмыс жүргізуде.

2021 жылдың 15 шілдесінде «Бозоқ» музей-қорығы белгілі археолог, ғалым Марал Қалымжанқызы Хабдулинаның 70 жылдық мерейтойы аясында ғылыми қосқан үлесіне арналған «Археолог және музей: мәңгілік диалог» атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

Марал Қалымжанқызы – ғылымға 40 жылдан астам уақыт арнаған және бүгінде астаналық өңірдегі археологиялық зерттеулердің басты бастамашысы болып табылатын, Сарыарқаны, солтүстік өңірлер аумағын зерттеумен айналысатын кәсіби археологтардың бірі.

Дөңгелек үстел отырысында Сарыарқаның археологиясының өзекті мәселелері, Қазақстанның археологиялық мұрасының тарихи-мәдени және білім беру әлеуетін дамыту әдістері талқыланады.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, тарихшылар, археологтар мен этнологтар, музей қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары (офлайн режимде 30 адамнан артық емес) қатысады. Барлық қатысушылар үшін ZOOM интернет-платформасы арқылы қатысуға мүмкіндік беріледі. Өтетін орны: ҚР Ұлттық музейі, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54. Басталуы: сағат 14.00. Қосымша ақпарат алу үшін: + 7 (7172)999 -062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »