2024 жылғы 13 қарашада ҚР МАМ МК "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесінде "Бозоқ-білім аумағы" мәдени – білім беру платформасы аясында Еуразия Гуманитарлық Институтының Жоғары колледжінің "Аударма ісі" бөлімінің екінші курс студенттеріне арналған музей сабағы өтті.

Тарих ғылымдарының кандидаты, "Бозоқ" музей-қорығының жетекші ғылыми қызметкері Ганиева Айнагүл Сәбитқызы көлемді макет негізінде археологиялық ескерткіш - ежелгі "Бозоқ" қалашығымен, Бозоқ ашық аспан астындағы Ұлттық саябағын құру жобасымен таныстырды.

Музей сабағы, музей қызметі бағыттарының бірі ретінде, білім алушылардың ел тарихы бойынша білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етеді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin