2025 жылдың 13 наурызында Наурызнама мерекелеу қарсаңында жаңа тұжырымдамаға сәйкес “БОЗОҚ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония оркестрімен (бас дирижер Нұрлан Бекенов) бірлесіп, ,,Бозоқ әуендері: тарих пен дәстүр үндестігі" іс-шарасын өткізді.

Нұрлан Бекенов, оркестрдің бас дирижері, дарынды қазақстандық музыканттардың бірі. Ол оркестрде домбырашы болып бастады, оның композиторлық шеберлігі республикалық байқауларда бірнеше рет атап өтілді. ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫНА, халық батырларына, ортағасырлық БОЗОҚ қалашығына арналған 4 авторлық туынды шырқалды. Мәдени - білім беру іс - шарасын өткізу кезінде коллобарация -өзара тиімді байланыс әдісі өз нәтижесін көрсетті. Музей-қорықтың ғылыми қызметкерлерінен музыканттар тарихи - мәдени мұра объектілері, Бозоқ қалашығы туралы білді. Бір қызығы: барлық қатысушылар елдің тарихы мен мәдениетін зерттейді, бірақ әртүрлі тәсілдермен танымал етуде. Музыканттар-өнер тілінде, ғалымдар - ғылыми басылымдарда . Іс-шараға қатысушылар күшті эмоционалды байланыс алып, біліммен, ғылыми мәліметтермен алмасты. Өз кезегінде музей қызметкерлері, жас ғалымдар әннің дара авторлық стилі мен әдемілігін атап өтті.

Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ Оркестріне ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 11 маусым “БОЗОҚ”музей-қорық аумағында көрнекті жазушы, тарихшы-зерттеуші МҰРАТ ЫДЫРЫСҰЛЫМЕН мазмұнды кездесу өтті. Ол – XVIII ғасырдағы ұлт тарихының маңызды кезеңдерін арқау еткен «АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ» атты көлемді тарихи-көркем еңбектің авторы.

Подробнее »

2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Астанадағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІМЕН бірлесе отырып археологиялық саябақ «Бозоқ» аумағында ПАТРИОТТЫҚ ФЛЕШМОБ өткізді

Подробнее »