2025 жылғы 12 қараша күні сағат 9:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Жошы Ұлысы дәуірінің мұралары контексіндегі “Бозоқ”: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Іс-шара «Көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазбалары негізінде ашық аспан астындағы Ұлттық парк құру» жобасының жаңартылған тұжырымдамасын таныстыруға арналған.

Жобаның мақсаты – энеолиттен этнографиялық кезеңге дейінгі дала өркениетінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау.

Президент Қ. Тоқаевтың сөзінше, көшпенділер өркениетінің мұрасын ұлықтау – өткенді еске алу ғана емес, мәдениеттер мен дәуірлерді біріктірудің символы.

Конференцияда қатысушылар «Бозоқ» жобасының жаңартылған тұжырымдамасын талқылап, ғылыми зерттеу нәтижелері мен даму бағыттарын айқындайды. Археологтар Кемел Ақышев пен Марал Хабдулина жүргізген қазбалар кезінде Жошы Ұлысы дәуіріне тән элиталық кесенелер мен жауынгер әйел «Інжу» жерлеуі табылған. Бұл Бозоқтың Алтын Орда кезеңіндегі маңызды орталық болғанын дәлелдейді.

Конференция жұмысына жетекші отандық және шетелдік ғалымдары, тарихшылар, археологтар, этнологтар, сәулетшілер, суретшілер, дизайнерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, педагогтар және қоғам өкілдері қатысады.

Өтетін орны:ҚР Ұлттық музейі, ғылыми кітапхана залы. Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:

+ 7 (7172)999-062; Е-mail: kymbatbakytzhanovva@gmail.com

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» музей-қорығына Астана қаласындағы Quantum STEM School мектебінің жас зерттеуші оқушылары жетекшісі Арыстан Құсайыновпен бірге танымдық сапармен келді. Іс-шара барысында оқушыларға музей-қорықтың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Подробнее »

Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Қалыбаев Асқар Қапалбекович, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ерназаров Асет Сағитұлы, сондай-ақ дирекция қызметкері Ермекқызы Аружан «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесіне арнайы келді.

Подробнее »