2025 жылғы 11 ақпанда ҚР МАМ "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Сыздық Есбол Жақанұлы, құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Есбол Жақанұлы әріптестерінің назарын "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге аударды.

Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ, Есбол Жақанұлы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы хабардар етті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтты.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin