2025 жылдың 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің “БОЗОҚ” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ЦЕЛИНОГРАД ауданы ҚАРАӨТКЕЛ ауылының IT МЕКТЕП- ЛИЦЕЙІНІҢ ұйымдастыруымен өткен аудандық конференцияға қатысты.

Конференция тақырыбы: «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ: ЖӘДІГЕРЛЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН МАҢЫЗЫ».

Конференцияға Целиноград ауданына қарасты мектептердің тарих және география пәні мұғалімдері қатысты.

.Іс-шара аясында “БОЗОҚ”музей-қорық қызыметкерлері ғылыми хатшы МЫСЫР ОЛЖАС ДӘУРЕНҰЛЫ, бас инспектор ҚАЗАНБАЕВ ЖАНБОЛАТ АСҚАРҰЛЫ және ғылыми қызыметкер БАХЫТЖАНОВА ҚЫМБАТ қазақ халқының дәстүрлі тұрмысын, шаруашылығын, қолөнерін және рухани дүниетанымын бейнелейтін материалдық мәдениет үлгілерінің тарихи маңызын жан-жақты талдады.

Сонымен қатар, көнеден жеткен жәдігерлердің музей кеңістігіндегі орны, оларды ғылыми жүйелеу, зерттеу және жас ұрпаққа жеткізудегі маңызы туралы мазмұнды баяндамалар жасалды. Конференция мәдени мұра объектілерін сақтау, ел ішінде рухани құндылықтарды насихаттау және музей мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытындағы маңызды диалог алаңына айналды.

“БОЗОҚ” музей-қорығы алдағы уақытта да осындай ғылыми-танымдық іс-шараларға белсенді қатыса отырып, ұлттық мұраны зерттеу мен насихаттауға өз үлесін қоса береді! Аталған конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ЦЕЛИНОГРАД ауданының тарихшылары мен ҚАРАӨТКЕЛ ауылының IT мектеп-лицейне шынайы алғысымызды білдіреміз!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің "БОЗОҚ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Астана қаласы әкімдігінің "ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойды.

Подробнее »