2021 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен танысты.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы-еліміздегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі.

Ел Президентінің өз халқына әрбір жаңа үндеуі біздің мемлекетіміздің дамуының кезеңді межесіне және стратегиялық маңызды құжатқа айналды.

Бізде ғылымға ерекше көңіл бөлу мәселесі үлкен қызығушылық тудырды. Онсыз біз ұлттың ілгерілеуін қамтамасыз ете алмаймыз. Біз «Бозоқ» тарихи-мәдени жобасын іске асыруда мемлекеттің қолдауына үміттенеміз.

Мемлекет басшысы жолдауда әлеуметтік саланы дамытуға көп көңіл бөлді.

Біз Президенттің бұқаралық спортты дамыту, үйірмелер қызметін қайта бастау қажеттілігі туралы бастамасын қолдаймыз.

Президент Жолдауы біз үшін және жалпы ел үшін жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін айқындайтыны сөзсіз.

Президент белгілеген ел дамуының барлық басым міндеттері табысты іске асырылатынына бізде ешқандай күмән жоқ!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin