Астана қаласының тарих пәнінің мұғалімдері елорда музейлерінің ғылыми қызметкерлерімен белсенді байланыста. Архелогтар Айнагүл Ғаниевадан, Ерболат Рахманқұловтан , педагог Бахытгүл Кульжановадан елорданың мыңжылдық тарихы бойынша мағлұматтар алады. "Музейдегі тарих сабағы" жобасын (жоба жетекшісі Бақытгүл Кульжанова) іске асыру барысында екі қағидат жүзеге асырылады : жүйелілік және дәйектілік . Ғылыми хатшы Айнагүл Ғаниева онлайн режиміндегі сабақтардың авторы. Мектептермен ынтымақтастығымыздың дамуына сенеміз! Өйткені музейлерде тарихи жад жеткізушілері артефактілер бар...