«Еңбек адамды көркейтеді» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жұмысшы мамандықтарын насихаттау аясында құрылыс саласының ардагерімен «Еңбек адамды көркейтеді» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға құрылыс саласында 1984 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан сала ардагері, Өндірістік-техникалық бөлімнің (ПТО) – бастығы 1962 жылы туған Байниязов Сейілхан Тасқарайевич шақырылды.

Ол — Қызылорда қаласының тумасы. Еңбек жолын Байқоңыр қаласында бастап, бүгінде соңғы 10 жылдан астам уақыт бойы Астана қаласында абыройлы қызмет атқарып келеді.

Кездесу барысында ардагер өз еңбек жолының басталуы, кәсіби тәжірибе жинақтау кезіндегі қиындықтар мен жетістіктер, сондай-ақ құрылыс саласындағы жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызы жөнінде мазмұнды әңгіме өрбітті. Сонымен қатар жас буынға адал еңбек ету, жауапкершілік пен табандылықтың адам өміріндегі рөлі туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Аталған дөңгелек үстел еңбек адамын ұлықтауға, жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыруға және жастарды кәсіби бағдарлауға бағытталды.

Еңбек – ел дамуының берік негізі.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin