Бүгін 2022 жылдың 5 наурызында жобалық кеңсеге ТҮРКИЯ Мәдениет және туризм министрінің кеңесшісі Али Ихсан Чаглар мен ТІКА-ның Қазақстандағы үйлестірушісі Исмаил Гюрлек келді.

"БОЗОҚ" ұлттық паркін құру" тарихи-мәдени , сәулет жобасы энеолит дәуірінен кейінгі орта ғасырларға дейінгі тарихи кезеңдерді қамтиды. Оны іске асыруға ғылыми, шығармашылық ( суретшілер , дизайнерлер ), музей қоғамдастықтарының өкілдері қатысады. Жоба аясында дала өркениетінің , атқа міну мәдениетінің жетістіктерін көрсету қажет екендігін ескере отырып, оны іске асыруға халықаралық мамандар да тартылуды. ҚР МСМ" Бозоқ " музей- қорығымен белсенді ынтымақтасатын ұйымдардың бірі - ТІКА-Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: тарихи-мәдени мұра нысандарының реконструкциясы бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу; жоба аясында түркі өркениеті мәселелері жөніндегі жоба шеңберінде бірлескен ғылыми іс-шаралар өткізу. Бүгін 2022 жылғы 5 наурызда жобалық кеңсеге Түркия Мәдениет және туризм министрінің кеңесшісі Али Ихсан Чаглар мен ТІКА-ның Қазақстандағы үйлестірушісі Исмаил Гюрлек келді. Жемісті кездесу өтті. Тәжірибе алмасу, сондай - ақ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға дайындық тұрғысынан одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Әдебиеттермен алмасу болды. Тарихи - мәдени мұраны сақтау, дамыту, танымал ету мақсатында одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin