Бүгін 2022 жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Самидоллақызы Кәрібжанова ҚР МСМ "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында "Бозоқ" музей - қорығының ғылыми қызметкерлері ашық аспан астындағы ұлттық паркті құру жобасы туралы айтып, таныстыру экскурсиясын өткізді, туризм орталығы ретінде ортағасырлық Бозоқ қалашығының археологиялық ескерткішін дамыту перспективаларын талқылады. Біз Роза Самидоллақызына жобаны сәтті ілгерілету бойынша ұсыныстары үшін ризамыз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 12 қараша күні сағат 9:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Жошы Ұлысы дәуірінің мұралары контексіндегі “Бозоқ”: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Подробнее »

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »