Дала практикумына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Суретшілер одағы» басқармасының төрағасы У.Д. Исмаилов, белгілі суретшілер Б.Ж. Арипов, Т.Х. Ордашев, Д. Нугер, А. Б. Сырғабаев, М. О. Сыдықов, Ысқақбек Серікжан, Д. А. Макин және А. Б. Қадырбаев қатысты.
Далалық практикумға қатысушылар үшін көне Бозоқ қалашығы - археологиялық ескерткішінде және «Бозоқ» музейй-қорығының жобалық офисінде экскурсия жүргізілді.
Бүгінде шығармашылық одақтар елорда тарихын зерттеуге ерекше қызығушылық танытып отыр.
Археологиялық ескерткішке баруға және көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астында ұлттық парк құру жөніндегі жоба туралы толығырақ білуге ниет білдірген Исмаилов Өмірәлі Дүренбекұлының басшылық ететін Суретшілер одағына шын жүректен алғыс білдіреміз.
Суретшілер қазіргі елорданың түпкі атасы Бозоқ қалашығының мыңжылдық тарихына арналған суреттер салу бастамасын білдірді.