Бүгін 2022 жылдың 14 сәуірінде ҚР МСМ "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы "Бозоқ" ұлттық паркін құру бойынша тарихи-мәдени жобаны іске асыру аясында суретшілердің шығармашылық одағының өкілдерімен кездесу өткізді.

Іс шараға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Суретшілер одағы" басқармасының төрағасы У.Исмаилов, белгілі суретшілер Б. Арипов, Д. Нөгер, Е. Айтуаров, Т. Батанов, Г. Жұрқабаева, А. Нартов, Р. Әбенов, А. Мусалимов, К. Баймұханов қатысты.

"Бозоқ" музей-қорығының директоры С.Б. Бурбаева кездесуге қатысушыларды жобаның негізгі міндеттерімен таныстырды. Кездесуге қатысушылар алдында "Бозоқ" музей-қорығының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ. к. З.Сұрағанова, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау бөлімінің бас инспекторы Қажымұрат Төлегенұлы сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар үшін экскурсия өткізілді. Суретшілер "Бозоқ"жобасына ерекше қызығушылық танытты. Олар еліміздің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Бозоқ көне қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру жөніндегі жобаны іске асырудағы ынтымақтастығы үшін Исмаилов Өмірәлі Дүренбекұлы бастаған суретшілер одағына шын жүректен алғыс білдіреміз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin