Сауатты құрылған мемлекеттік саясаттың арқасында тарихи-мәдени мұра мәдениет саласын дамытудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Археологтар баға жетпес рөл атқарады. Бүгінгі таңда музей-қорықтар ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөледі. 2021 жылы Бозоқ музей- қорығының ғылыми қызметкерлері # Мәдениет жәнеспортминистрлігінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруының арқасында зерттеулер жүргізді. Конференция жұмысына Мәдениет және спорт министрлігінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева, отандық жетекші ғалымдар: Зейнолла Самашев (профессор, тарих ғылымдарының докторы), Марал Хабдуллина, Қазақстан музейлерінің ғылыми қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Есеп беру конференциясы 2021 жылғы археологиялық зерттеулердің аралық қорытындыларын шығарды. БЫТЫҒАЙ қалашығы аумағындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері бойынша Серғазы Скеновтың (PhD докторы) баяндамасы үлкен қызығушылықпен тыңдалды. Конференцияға қатысушылар жоба жетекшісі Айнагүл Ғаниева ("Бозоқ" музей- қорықтың ғылыми хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты) жүргізген 2021 жылғы Бозоқ II қазақ қыстағының археологиялық зерттеулердің нәтижелі жұмысын атап өтті. Бозоқ - II қазақ қыстағының остеологиялық материалдарын зерттеудің алдын ала нәтижелерімен ҚР БҒМ Әлкей Марғұлан Атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері Шагирбаев Мамбет Сапарбекұлы таныстырды. Маманның егжей-тегжейлі талдауы үлкен қызығушылық тудырды.Қазақ қыстақтарын зерттеу екі ғылымның - археология мен этнографияның тоғысындағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Қ.Ақышев атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері Данияр Тлеуғабылов Қозықош жаңа дәуір қонысын кешенді зерттеу бойынша жүргізген жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының бас инспекторы Байдәулетов Фархат Рысқалиұлының мазмұнды баяндамасы қызу пікірталас тудырды. Талқылауға профессор Зейнолла Самашұлы Самашев және Марал Қалымжанқызы Хабдуллина қатысты. Ұсыныстар берілді, жас археолог ғалымдардың нәтижелі еңбегі атап өтілді, бұл туралы презентациялары бар баяндамалар ғана емес, ең бастысы-табылған бірегей артефактілер айқын айғақтайды. Бозоқ аумағындағы қыстақ және Бытығайдағы өндірістік орталық археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижесі. Жиынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің тарихи - мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева қорытындылады. Сондай - ақ, әріптестер конференцияда Айбар Ерланұлы Қасеналинді "Ерен еңбегі үшін" жоғары мемлекеттік награда алуымен құттықтады . Ал, не?! Көп нәрсе жасалды... алғашқы нәтижелер қуантады және алға қойылған мақсаттарды орындауға шабыттандырады. Ғылыми жобаларды іске асыруда сәттілік!!!