Бүгінгі таңда "Бозоқ" ашық аспан астындағы музей құру бойынша ауқымды жоба келушілерді көбірек тартуда.

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де "Дүниежүзілік, Отандық тарих, этнология және археология" кафедрасында оқитын М. К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университетінің (Якутия, Ресей) тарих факультетінің студенттері ҚР МАМ МК "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің кеңсесіне және "Бозоқ"көне қалашығына барды.

2019 жылы "Бозоқ" музей – қорығы М.К. Аммосов атындағы университетпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

"Бозоқ" музей-қорығының ғылыми қызметкері Сұңқар Маратұлы "Бозоқ" ұлттық паркінің көлемді макеті бойынша және археологиялық ескерткіште таныстыру экскурсиясын өткізді.

Студенттердің алған материалдары одан әрі пайдаланылады және ғылыми ынтымақтастық жалғасады деп ойлаймыз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin