Бүгін ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру» жобасын іске асыру аясында «Тұсаукесер» атты баланың алғашқы дербес қадамдарымен байланысты салт-дәстүрді көрсетумен этнографиялық мереке өткізді.

Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және дәріптеу «Бозоқ» музей-қорығы жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Түрлі форматтағы іс-шаралар, соның ішінде этнографиялық мерекелер дәстүрге айналды.

Қазақ халқының отбасымен, баланың туылуымен және тәрбиесімен байланысты дәстүрлері оның рухани мәдениеті мен дәстүрлі өмір салтында маңызды орындардың бірін алады. Олардың әлеуметтік-тарихи, мәдени-тұрмыстық, идеологиялық және тәрбиелік маңызы бар.

Біздің ата-бабаларымыз жермен байланысын бейнелейтін «Тұсаукесер» рәсімін өткізбесе, онда бала жиі сүрініп, сенімсіз болады, сондықтан олар бұл дәстүрді тезірек жүзеге асыруға тырысты.

Этнографиялық мерекенің құрметті қонағы саяси ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, РФ саяси ғылымдар Академиясының толық мүшесі, Әлихан Бөкейхан атындағы университеттің ректоры Құрманбаева Шырын Асылханқызы болды. Этнографиялық мерекеге тарих ғылымдарының докторы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің археология, этнология кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ұлттық музейінің бас ғылыми қызметкері Жәкен Қожахметұлы Таймағамбетов қатысты. «Тұсаукесер» рәсімін өткізу Әлихан Бөкейхан атындағы университеттің ректоры Құрманбаева Шырын Асылханқызына берілді.

Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы бата берді Мереке шашумен және барлық жиналған қонақтарға қуаныш пен амандық тілей отырып, сыйлармен аяқталды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin