Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «ЗАМАН. ҒАЛЫМ. КӨЗҚАРАС» платформасы аясында 2021 жылдың 9 маусымында танымал суретші Камиль Валиахмедович Муллашевпен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Камиль Валиахмедович- көркем-суретші, педагог, профессор, Қазақстанның Жаратылыстану ғылымдары Академиясының толық мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Татарстан Республикасының халық суретшісі.

К.В. Муллашев әр түрлі жанрларда жұмыс істейді, классикалық ғана емес, сонымен қатар заманауи авангардтық және постмодерндік кескіндеме техникасын да шебер меңгерген.

Белгілі суретші еліміздің мәдениетіне үлкен үлес қосуда. «Бозоқ» ашық аспан астындағы ұлттық паркінің жобасы да суретшінің картиналарында қыпшақ патшайымы бейнесінде көрініс тапқан. Пандемия тақырыбы Камиль Валиахмедовичті бей-жай қалдырмады. Қазір ол пандемия тақырыбында жұмыс істеуде, онда оның көркемдік, философиялық қабылдауы, шындықтың қиялы көрінісі бейнеленеді. Өтетін орны: Камиль Валиахмедович Муллашевтің шеберханасында.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: + 7 (7172)999 -062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 12 қараша күні сағат 9:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Жошы Ұлысы дәуірінің мұралары контексіндегі “Бозоқ”: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Подробнее »

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »