ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру» республикалық жобасын іске асыру аясында 2021 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күніне арналған «Отаным болған қазақ жеріне алғыс айтамын!» тақырыбында дөңгелек үстелін белгілі археолог, профессор Виктор Федорович Зайберт және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Туризм» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің, «Арман-Тур» ұлттық туроператоры өкілдерінің қатысуымен өткізді.
Сонымен қатар дөңгелек үстел жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты: «Возрождение» немістер қоғамы» ҚБ өкілдері Н.В.Берг, Е.В.Бреннер, А.Ю.Кононец, А.О.Киреева, «Хазар» Әзірбайжан этномәдени орталығы» ҚБ басқарма төрағасының орынбасары А.Сайлаубай, «Лад» славян қозғалысының өкілі Е.И.Синчук, «At-travel» ат клубының жетекшісі Б.А.Ақылбеков қатысты. Дөңгелек үстел қатысушыларының назарына «Бозоқ» және «Ботай» музей-қорықтары бірлесіп дайындаған «Ботайдан Бозоққа дейін: мыңжылдық тарих арқылы» көрмесі ұсынылды. «Ботай» музей-қорығының көрмесі Ботай мәдениеті тақырыбын Еуразияның қазақтары мен басқа да этностарының мәдени генезисі процесінің, күнтізбелік шаруашылық циклдерінің, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің және рухани - киелі құндылықтары ретіндегі негізін ашты. Атқа міну мәдениеті әлем тарихының барысын едәуір жеделдетті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан халқының тарихи жады, бірлігі, құрметі мен ынтымақтастығы тақырыбын талқылауға белсене қатысты.
Ұлтаралық татулық пен келісім ел Тәуелсіздігінің өткен отыз жылында Қазақстанның визит карточкасы, оның саяси бренді болды.
Жыл сайын елімізде толеранттылық рухы нығайып келеді, ал көпұлтты қоғамда түрлі ұлттар мен этностар өкілдерінің тұруы үшін қолайлы ахуал қалыптасуда. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бізді әрдайым қиындықтардан құтқарған басты күш-елдің бірлігі екенін атап өтті.
Профессор Зайберт Виктор Федорович Поволжьеден Қазақстанға жер аударылған өз отбасының тарихын айтып берді. Виктор Федорович оның барлық ғылыми жетістіктері біздің елімізде ғылымды дамыту үшін жасалған қолайлы жағдайлардың, қазақ халқының даналығының арқасында орын алғанын атап өтті. Этнограф Зубайда Кабиевна Сураганованың «Новодолинка немістері: темпоральность дәстүрінің тұрақтылығы» тақырыбындағы дәрісі әртүрлі этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүрген Новодолинка ауылының мысалында жүргізген зерттеулерге арналған болды.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қазақ халқының толеранттылығының арқасында түрлі этностардың өкілдері өз тілдерін, салт-дәстүрлерін сақтай алғанын атап өтті.
Б.А. Ақылбеков Атқа міну мәдениетін дәріптеу мақсатында Бозоқтан Ботайға дейін атты экспедиция ұйымдастыру бойынша жоспарларымен бөлісті.
Еңбек ардагері, елорда тұрғыны Ғазиза Қазбекқызы Сүлейменова дөңгелек үстелге қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан халқының мәдениетін, тарихын зерделеу қажеттігі туралы пікірін білдірді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ұйымдастырушылар мен баяндамашыларға қызықты және мазмұнды іс-шара үшін алғыстарын білдірді.