Баспасөз-релизі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаевтың қатысуымен археологиялық ескерткіш пен жалпыұлттық маңызы бар киелі объект Бозоқ қалашығын дәріптеу мақсатында «At-travel» ат клубымен бірлесіп 2022 жылдың 11 маусымында «Бозокадан Ботайға дейін» ат экспедициясын бастайды.

Тәуелсіздік жылдары ішінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасы ғылыми таралу саласын кеңейтті, бұл бүкіл әлемге Қазақстан жері сол алғашқы этногенетикалық процестердің куәгері болып табылатыны туралы мәлімдеуге мүмкіндік берген жаңа жарқын ашылуларға әкелді. Қазақстан аумағы әлемдік өркениеттің көптеген жетістіктерінің пайда болуы үшін алаң болды, бұған археологиялық зерттеулер дәлел бола алады.

Қазақстанның киелі жерлері бойынша «Ежелгі Қоныс» ат экспедициясы көшпелі өркениеттің екі «БОЗОҚ» және «БОТАЙ» ескерткіштерін біріктіреді. Экспедиция Қазақстандағы зор әлеуетке ие экологиялық туризмді дамытуға бағытталған.

Тарихи-мәдени мұра ғалымдардың ғана емес, шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің де назарын аудартады. Жазушылар, суретшілер мен композиторлар астананың ежелгі тарихына бет бұрады. Осылайша, ҚР Композиторлар одағының өкілі Серікжан Құтымбетұлы Әбдінұровтың «Бозоқ аруы» шығармасы Ортағасырлық Бозоқ ескерткішін археологиялық зерттеу барысында табылған жауынгер әйелге арналған. Сондай - ақ, осы аттас туындылар - Камил Муллашевтің картинасы және отандық жазушы Шарбану Бейсенованың шығармасы. Тарихты дәріптеуді тұрақты негізде қолдайтын ең белсенді қоғамдық бірлестіктердің бірі «At-travel» ат клубы болып табылады.

«AT-TRAVEL.KZ» ат клубы - 2016 жылдан бастап атқа міну мәдениеті мен ат туризмін жақсы көретін қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Клуб жетекшісі инженер, кәсіпкер Берік Ақылбеков. Клуб қатысушылары-түрлі мамандық иелері және Қазақстанның барлық өңірлерінің тумалары.

Клуб қатысушылары Қазақстан астанасының маңында да, одан тыс жерлерде де: ұлттық саябақтарда, киелі объктлер орналасқан жерлерде ат турларын үнемі өткізіп тұрады. Олар экотуризмді дәріптейді, тарихи-мәдени мұрамен танысады.

Экспедициялық турлар:

2016 ж. – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Астана – Бұйратау – Баянауыл;

2017 ж. – ЭКСПО өткізу жылына арналған Астана – Қарқаралы;

2018 ж. – Елорданың 20 жылдығына арналған Астана – Бұйратау – Баянаул – Қарқаралы;

2019 ж. – Киелі Қазақстан, Казақ Туризм және Qazaq Geography бірлесіп 500 км;

2020 ж. –Катон-Қарағайға қысқа тур;

2021 ж. – Нұр-Cұлтан, Бозоқ – Жідебай, 1000 км

Ақмола облысы бойынша турлар мен маршруттар:

2018 ж. – Целиноград ауданы, киелі объектлер, Нияз би – Кабанбай кесенесі;

2019 ж. – Целиноград ауданы, Нияз би – Қорғалжын, Бытыгай;

2020 ж. – Целиноград ауданы, киелі объектлер, Нияз би – Кабанбай кесенесі; – Целиноград ауданы, Нияз би – Кабанбай кенті, жергілікті көкпар командасымен кездесу; – Қорғалжын ауданы, Қорық – Өркендеу – Нұр-Сұлтан, Бозоқ; – Ерментау ауданы, Олжабай батыр, мемориалды кешен– Бұйратау;

2021 ж. – тамыз – қыркүйек. Ерментау ауданыдағы турлар: Олжабай, Бұйратау, Ерментау; – қазан – Ақкөл.

Бозоқ - Қазақстанның қазіргі астанасы аумағында орналасқан, көне қалашық, анықталған жасы 1250 жыл. Жолдың осы бөлігінде Ұлы Жібек жолы бағыттарының сауда тармақтары өткен. Ашық аспан астындағы ұлттық паркте көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде Ботай қонысының да тарихи реконструкциясы жоспарлануда.

Ботай – Еуразияның ертедегі жылқы өсірушілерінің әлемдегі бірегей қонысы. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақыты біздің дәуірімізге дейінгі V-IV мыңжылдыққа жатады. Онда жүргізілген зерттеулердің тарихи маңызы жер шарында жануарларды, ең алдымен жылқы мен сиырды қолға үйретудің басты орталықтарының бірі Қазақстан болып табылады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев, археолог-ғалымдар, «Аt-travel» ат клубының қатысушылары, Ақмола облысының (Целиноград ауданы) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері, қоғам өкілдері қатысады.

Ат экспедициясының басталуы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қараөткел» тұрғын алабының солтүстігінде орналасқан «Бозоқ» археологиялық ескерткішінің аумағында басталып, Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай археологиялық ескерткішінде аяқталады. Экспедиция 7 күнге есептелген.

Экспедиция қатысушылары Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының киелі объектілеріне барады.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы «Қараөткел» тұрғын алабының солтүстігінде орналасқан Бозоқ археологиялық ескерткішінің аумағы.

Басталуы: сағат 11.00. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: + 7 (7172)999 -062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin