«Әз-Наурыз мейрам толқыны жасампаздық бастауы, ырыс береке арқауы» Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК 2022 жылдың 17 наурызында Наурыз мерекесіне арналған «Әз-Наурыз мейрам толқыны жасампаздық бастауы, ырыс береке арқауы» этнографиялық мерекесін өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараға жетекші отандық ғалымдар мен Ақмола облысы Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері қатысады.

Наурыз – күн мен түннің теңесу күні, ол көптеген халықтардың мәдениеттерінде 21 наурызда басталады. Наурызды тойлау дәстүрі ежелгі тарихқа ие, көптеген халықтар арасында сақталған және қазіргі жағдайда өзінің тарихи-мәдени маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бұл жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітетін, қазір де қастерлі саналатын салт-дәстүрлерді жаңғыртатын халықтық мереке.

Қазақ халқының отбасы мен өскелең ұрпақтың тәрбиесімен байланысты салт-дәстүрлері – халық даналығы, философия, дүниетану, адамгершілік мұраттары мен дәстүрлі тұрмыс-салт біріктірілген оның тарихы мен мәдениетінің жарқын беттерінің бірі. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтар сабақтастығы негізінде дамыды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қазақстандықтарға арнаған жаңа жылдық Жолдауында 2022 жыл – балалар жылы деп жариялады. Мемлекет басшысы балаларға ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Олардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің кемел болашағының сенімді кепілі. Наурыз мерекесінде баланың алғашқы қадамдарымен байланысты «Тұсау кесер» этнографиялық салт-дәстүрі өткізіледі. Салт-дәстүрді өткізу рәсімі елдің жетекші ғалымдарына құрмет белгісі ретінде беріледі.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Ұлттық музейі, Тәуелсіздік даңғылы, 54. Басталуы: сағат 11.00.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: + 7 (7172)999 -062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin