БАСПАСӨЗ АНОНСЫ Құрметті әріптестер! Халықаралық музейлер күні қарсаңында «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 13 МАМЫР күні сағат 19:00-де «ТҮНГІ БОЗОҚҚА САЯХАТ: АЛАУ АЯСЫНДАҒЫ АҢЫЗДАР» атты фестивалін өткізеді.

Іс-шара «Бозоқ» археологиялық паркінің ОҢТҮСТІК КІРУ ПОРТАЛ алаңында (Үркер мен Қараөткел тұрғын алаптарының арасында) өтеді. Қонақтардың жиналу уақыты - 18:30.

Фестиваль ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МҰРАСЫН сақтау мен насихаттауға арналған. Шара аясында мыңжылдықтардан жеткен дала өркениетінің тарихи сабақтастығы мен елорда — Астананың бастауында тұрған көне БОЗОҚ қалашығының археологиялық ескерткіш ретіндегі маңызы айшықталады. Сонымен қатар, көрермен қауым дәстүрлі қазақ вокал өнеріндегі «САЛ-СЕРІ» дәстүрін жалғастырып жүрген ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕРДІҢ өнерін тамашалай алады. Фестиваль шеңберінде «Бозоқ» ескерткішінің алауын жағу бойынша алғашқы ресіми рәсімін өткізіліп, қазақ дүниетанымындағы көне тазарту салты — «АЛАСТАУ» ғұрпы орындалады. Фестиваль соңында АРХЕОЛОГТАР МЕН ТАРИХШЫЛАР Еуразия кеңістігіндегі мәдени мұра туралы аңыздар мен деректерді ортаға салып, көрермендерді рухани сапарға шақырады.

Өтетін орны: «Бозоқ» археологиялық паркі, оңтүстік кіреберіс порталы

Байланыс телефондары: +7 705 157 19 35 +7 708 643 30 97

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» музей-қорығына Астана қаласындағы Quantum STEM School мектебінің жас зерттеуші оқушылары жетекшісі Арыстан Құсайыновпен бірге танымдық сапармен келді. Іс-шара барысында оқушыларға музей-қорықтың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Подробнее »

Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Қалыбаев Асқар Қапалбекович, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ерназаров Асет Сағитұлы, сондай-ақ дирекция қызметкері Ермекқызы Аружан «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесіне арнайы келді.

Подробнее »