«БОЗОҚ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ЖАНЫНДАҒЫ «МИРАС» ЖАСТАР КЛУБЫНЫҢ АШЫЛУЫ

2025 жылғы 30 сәуір күні сағат 14:00-де «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының базасында «МИРАС» жастардың мәдени-ағартушылық клубының салтанатты ашылуы өтті. Клубтың құрылу бастамасы – МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ жастарға, олардың азаматтық ұстанымы, тарихи санасы мен патриоттық тәрбиесіне баса назар аударатынын айғақтайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ Көкшетауда өткен ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ IV отырысында жолдауында былай деп атап өтті: «Ғылыми зерттеулер жүргізу, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, археологиялық қазбалар ұйымдастыру, музей ісін дамыту, шетел архивтерін зерделеу, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту – осының бәрін жүйелеу қажет».

«МИРАС» клубының құрылуы – осы міндеттерді жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам. Клубтың негізгі мақсаты – оқушылардың Қазақстанның ұлттық тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын дамыту, жастардың бойында патриоттық рух пен ел болашағына деген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Іс-шараға Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарынан 100-ге жуық оқушы мен Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімдері қатысты. Ашылу салтанатында Астана қаласы БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ өкілдері, белгілі тарихшылар, қоғам қайраткерлері мен педагогика саласының ардагерлері құттықтау сөз сөйледі.

Клуб қатысушыларына арнап ақ тілегін білдірген музей-қорықтың директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты САУЛЕ БҮКЕЙХАНҚЫЗЫ БУРБАЕВА қатысушыларға тарихи-мәдени мұраны сақтау жобаларына қызығушылық танытқандары үшін алғысын білдірді. Құттықтау сөзбен ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ басқарма басшысы ТАСТЕМІР АҚҰЛАН ӨСЕРҰЛЫ да сөз сөйлеп, клуб мүшелеріне сәттілік пен табыс тіледі.

«БОЗОҚ» музей-қорығының ғылыми қызметкерлері ЖАНБОЛАТ АСҚАРҰЛЫ ҚАЗАНБАЕВ пен ТӨЛЕГЕНҰЛЫ ҚАЖЫМҰРАТ өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті. Клуб қатысушылары мен жас мұғалімдер ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы ТЛЕУҒАБУЛОВ ДАНИЯР ТӨЛЕГЕНОВИЧТІҢ «БОЗОҚ» жобасына арналған мазмұнды баяндамасын зор қызығушылықпен тыңдады.

Клубтың негізгі бағыттарына волонтерлік жобалар, кәсіби бағдарлау іс-шаралары, Қазақстанның танымал ғалымдарымен кездесулер кіреді. Сонымен қатар, клуб аясында дәрістер, шеберлік сабақтары, ғылыми-танымдық квесттер, тарихи реконструкциялар мен танымдық экскурсиялар өткізу жоспарланған. Бұл мектеп оқушыларына еліміздің тарихи-мәдени мұрасын терең меңгеріп, оны практикалық түрде игеруіне мүмкіндік береді.

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – «БОЗОҚ» музей-қорығының тарихы мен жетістіктеріне арналған интерактивті көрме болды. Қонақтарға клубтың жұмыс жоспары, миссиясы мен негізгі бағыттары таныстырылды.

«МИРАС» клубының ашылуы жас ұрпақ пен тарихи өткеніміз арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға жастардың белсенді қатысуына жол ашады.

Біз клуб тарихқа, археологияға және этнографияға қызығатын жастарды біріктіріп, мәдениет пен ғылымды дамытуда маңызды диалог алаңына айналады деп сенеміз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

НҰРҒИСА ТІЛЕНДЕИВТІҢ 100 жылдық МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН мәдени-танымдық кездесу 2025 жылғы 25 сәуір айында “БОЗОҚ” музей-қорығында қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы НҰРҒИСА АТАБАЙҰЛЫ ТІЛЕНДЕИВТІҢ 100 жылдық мерейтойына арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті.

Подробнее »

2025 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ЦЕЛИНОГРАД ауданы, АРАЙЛЫ ауылындағы ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН мектепте ұйымдастырылған "ТАРИХ АПТАЛЫҒЫ" аясында танымдық іс-шара өткізді.

Подробнее »