«Бозоқ» музей-қорығының ғылыми қызметкерлері ҚР МСМ «Ортағасырлық кезеңдегі Теңіз-Қорғалжын ойпатындағы тұрғын үй сәулетінің дәстүрлі түрлері: эволюцияның бастауы мен ерекшеліктері» бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобасы аясында Бытығай археологиялық нысаны аумағында зерттеулерді жалғастыруда.

Өткен маусымдағы археологиялық зерттеулерді талдау және жазбаша дереккөздермен салыстыру негізінде Бытығай қалашығын XIV-XV ғасырларға жатқызуға болады және Қазақстанның дала аймағының орта ғасырларындағы маңызды экономикалық және саяси орталықтардың бірі ретінде қарастыруға болады.

Археологтар көптеген туристерді осы жұмбақ ескерткіштің тарихымен және археологиялық қазбаларымен таныстырады. 2022 жылдың далалық маусымы ғалымдарға Ұлы Дала тарихының зерттелмеген беттерін ашуға мүмкіндік беретін материалдар әкелетініне сенімдіміз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin