«БОЗОҚ-БІЛІМ АУМАҒЫ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ, МУЗЕЙ АКЦИЯСЫ.

КЕМАЛ АҚЫШҰЛЫ АҚЫШЕВ- ҒАЛЫМ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ. Аса көрнекті ғалым-археолог Кемал Ақышұлы Ақышевтің есімі әлемге әйгілі ескерткіштердің ашылуы мен зерттелуінің арқасында мемлекет тарихына жазылды: Бесшатыр қорымының сақ пирамидалары, «Алтын жауынгер» табылған Есік қорғаны, аты аңызға айналған ежелгі Отырар, Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалары, Есілдегі Бозоқ қалашығы.

Қазақстан археологиялық мектебінің негізін қалаушы Кемал Ақышұлы Ақышев Ұлы Отан соғысының ардагері. «Құрмет Белгісі» орденімен, «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне» медальдарымен, «Парасат» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған, оның есімі Қазақстанның Алтын Құрмет кітабына енген. 200-ден астам ғылыми еңбектер мен 15 монографияның авторы. Кемал Ақышев Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанынан Есіл археологиялық экспедиция ұйымдастырды.

Экспедициясының нәтижесінде елордамыздың батыс шегінде Бозоқ қалашығының археологиялық ескерткішін зерттеуі басталды. Ғалымның болжамы бойынша, Бозоқ ортағасырда далалық қағанның ордасы болып қалыптасқан. Археологтардың ерең еңбегі елорда өңірінде көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру жобасына айналды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin