«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Музейге сый» акциясын жалғастыруда. Аталған акция аясында музей қызметкерінің анасы Оспанова Бапаш ұзақ жылдар бойы өзінде сақталған, туысы сыйға тартқан әйелдер бас киімі — кимешекті музей қорына тапсырды.
Кимешек ақ түсті сәтен матадан тігілген. Ширатылған металл жіппен (алтын жіппен?) әдісімен кестеленіп әсемделген. Бас бөлігінің ұзындығы — 15 см. Төменгі бөлігі үшбұрыш тәрізді, ұзынша келген, жиегіне жұқа желбіршек тігілген. Бас бөлігі бөлек пішілген сопақша төбе бөлігіне тігілген. Бет тұсы сопақша ойылған, маңдай жағы үшбұрышты доғал шығындысымен ерекшеленеді. Маңдай тұсына дөңгелек металдан жасалған әшекейлер, олардың үстіне мөлдір моншақтар тігілген. Шекені және иек тұсын бойлай майда металл әшекейлер зигзаг түрінде тігілген. Осы металлмен көмкерілген жолақтар шеттерінен қызыл жіппен тігілген машина кестесімен сәнделген.
Кимешекке ерекше қасиет, киелі қорғаныш рөлін жүктеген. Оны аса ұқыпты безендіріп, магиялық мән берген. Көп жағдайда қыздар кимешекті тұрмысқа шықпай тұрып, 4–5 жыл бұрын дайындап қоятын болған. Бірақ оны әдетте алғашқы баласын дүниеге әкелген соң ғана киген. Осылайша кимешек — ананың, шаңырақ иесінің белгісі, мәртебелі әйелдің нышаны ретінде танылған.
ызы артып, оған қатысты тыйымдар да қалыптасқан. Мысалы, кимешектің үстінен аттауға немесе оған аяқ басуға болмайды деп есептелген. Әдетте кимешек мұраға қалдырылмай, әрбір қызға жаңадан тігілген. Дегенмен кейбір отбасыларда кимешек ұрпақтан ұрпаққа аманат ретінде сақталған. Себебі кимешекке қатысты киелілік — оның өткенді қастерлеумен тығыз байланысты деп сенген.