«Бозоқ-білім аумағы» ғылыми-танымдық, музей акциясы. БОЗОҚ ҚОРЫМЫНЫҢ КЕСЕНЕЛЕРІ ТУРАЛЫ...

Бозоқ археологиялық ескерткіші тарихының үшінші кезеңі – XIII-XIV ғғ. Алтын Орда дәуірін қамтитын аймақтың саяси, этномәдени және діни өміріндегі елеулі өзгерістер кезеңін ашады. Қазақ даласының Жошы Ұлысының құрамына енуі аумақтың этникалық және діни бейнесінде айқын өзгерістерге әкелді. Бұл процестер менн мәдени өзгерістердің дәлелі Бозоқ кешенінің археологиялық қабаттарында анық көрінеді.

Сарыарқа даласында ислам мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілерінің бірі кесенелер салу болды. Мәдени ландшафттың маңызды элементтеріне айналған бұл ескерткіштері сәулетшілердің шеберлігінің жоғары дәрежесін көрсетеді. Кесенелердің әрқайсысы төртбұрышты пішінді бір камералы ғимарат болып табылады, ол осы кезеңнің архитектурасына тән, іргетассыз тұрғызылған, қабырғаларының қалыңдығы 0,8-ден 1,2 метрге дейін.

№1 кесенеге ерекше назар аударуға тұрарлық, өйткені қорымның қалыптасуы осыдан басталған шығар. Оның қасбеті керемет оюланған кірпіштермен безендірілген, ал қалыңдығы үш кірпіштен тұратын қабырғалары ашық көк және қою жасыл сырлармен боялған қыш текшелермен жабылған, бұл кесенеге салтанатты және керемет көрініс береді. Сарыарқа даласындағы ислам мәдениетінің күрделі мәдени-діни синкретизмін айғақтайтын ерекше жерлеу орындары кесенеге ерекше мән береді: "...кесене мұсылман ғимараты, бірақ қабыр қару-жарақпен жерленген. Тіпті екінші кіріберіс жерлеуде, жасөспірім қабырында ойын асықтары қойылған. Жасөспірімнің жерлеу рәсімі Бозоқ қорымында кеңінен тараған жерлеулерге ұқсас. Жасөспірімнің басын батысқа, беті оңтүстікке қаратып койылған. Бас жағында үш қой омыртқасы болды, сол жақта тізеде жеті асық қойылған, сонымен қатар, темір пышақ, жебе ұштары, көз моншақтары табылды. Жер бетіне жерлеу ештеңемен бекітілмеген...».

Бозоқ қорымының кесенелері Еуразияның түркі халықтары арасында болып жатқан сәулет және мәдени өзгерістерді бейнелейтін көрнекті тарихи ескерткіштер болып табылады. Көшпелі халықтар арасында ислам мәдениетінің нығаюын бейнелеп қана қоймай, ұлы Жошы кезінде аймақтың этникалық және діни келбетіндегі елеулі өзгерістерді бейнелейді. Жерлеу орындарында ұсынылған исламдық және жергілікті дәстүрлердің өзара әрекеті осы бірегей аймақтың мәдени бірегейлігін қалыптастырған тарихи процестердің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Хабдулина М.К., Гаврилов Д.А. Бозоқ – Есіл өзені бойындағы ортағасырлық қалашық (Орталық Қазақстан). Алматы, 2023. 360 б.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» мемлекеттік музей-қорығында «Бозоқ – Есіл өзені бойындағы ортағасырлық қалашық (Орталық Қазақстан)» атты М.К. Хабдулина және Д.А. Гавриловтың монографиясын талқылау бойынша ғылыми қызметкерлердің қатысуымен ғылыми семинарлар циклі өткізіледі. Зерттеу материалдары археологиялық ескерткішті қайта жаңғыртуға және аймақтың тарихи-мәдени динамикасын түсінуге айтарлықтай үлес қосады. БОЗОК ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ОРНАЛАСУ СЕМАНТИКАСЫ

Подробнее »

2024 жылғы 27 қарашада "Бозоқ-білім аумағы" мәдени – білім беру платформасы аясында ҚР МАМ МК "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің №91 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларына музей сабағын өткізді.

Подробнее »

2024 жылғы 25 қарашада ҚР МАМ "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Ганиева Айнагүл Сәбитқызы Астана қаласы Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінің 5-сыныбының ашық сабағына қатысты.

Подробнее »