Қазақстан жастары елдің тарихи-мәдени мұрасына көбірек қызығушылық танытуда. Соңғы жылдары дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды зерттеуге, сондай-ақ мәдени ескерткіштерді сақтауға деген қызығушылықтың артуы байқалады, бұл қазіргі заманғы бірегейліктің маңызды бөлігіне айналады.

2024 жылғы 6 қарашада М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университетінің (Якутия, Ресей) тарих факультетінің Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-да "Дүниежүзілік, Отандық тарих, этнология және археология" кафедрасында білім алып жатқан екінші курс студенттері ҚР МАМ МК "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесіне және Бозоқ көне қалашығы- археологиялық ескерткішіне келді.

"Бозоқ" музей-қорығы М. К. Аммосов атындағы университетімен ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында студенттердің Қазақстанның бай тарихы мен мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Серітестік аясында экскурсиялар ұйымдастырылады, бұл студенттерге аймақтың маңызды тарихи ескерткіштерімен танысуға және ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын зерттеуге бірегей мүмкіндік береді.

"Бозоқ" музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Сыдығалиев Сұңқар мен Жанболат Қазанбаев "Бозоқ" ұлттық паркінің көлемді макеті бойынша және археологиялық ескерткіште таныстыру экскурсиясын өткізді.

Осылайша, музей мен университет арасындағы әріптестік Қазақстанның тарихи мұрасы мен жастар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ өз елінің мәдени байлығын зерттеуге және сақтауға мүдделі жаңа ұрпақты тәрбиелеуде шешуші рөл атқарады.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin