НҰРҒИСА ТІЛЕНДЕИВТІҢ 100 жылдық МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН мәдени-танымдық кездесу 2025 жылғы 25 сәуір айында “БОЗОҚ” музей-қорығында қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы НҰРҒИСА АТАБАЙҰЛЫ ТІЛЕНДЕИВТІҢ 100 жылдық мерейтойына арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті.

Кездесу аясында белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Балнұр Балғабекқызы Қыдырбектің қатысуымен дәріс – концерт өтті, онда қатысушыларға қазақ музыкалық өнерінің дамуы мен шығармашылық үдерісі туралы ақпарат ұсынылды

Іс-шараға Астана қаласының №91 мектеп-лицейі мен Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектебі оқушылары қатысты.

Бағдарлама барысында Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған бейнематериалдар көрсетілді. Атап айтқанда, «АТА ТОЛҒАУЫ», «МАХАМБЕТ», «ӨЗ ЕЛІМ», «ҚҰСТАР ӘНІ» сынды туындыларының бейнежазбалары ұсынылып, композитордың музыкалық мұрасы жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар, Н.Тілендиевтің өмір жолы мен шығармашылық ерекшеліктеріне арналған деректі бейне-концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды.

Бұл кездесу жас ұрпақты ұлттық өнерге баулу, қазақ музыкасының көрнекті өкілдерінің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылып, оқушылардың эстетикалық талғамының дамуына және тарихи-мәдени таным көкжиегінің кеңеюіне септігін тигізді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ЦЕЛИНОГРАД ауданы, АРАЙЛЫ ауылындағы ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН мектепте ұйымдастырылған "ТАРИХ АПТАЛЫҒЫ" аясында танымдық іс-шара өткізді.

Подробнее »

2025 жылғы 21 сәуірде ҚР МАМ МК “БОЗОҚ” мемлекеттік музей қорығында BINOM.ALTYNSARIN мектебінің 9-сынып оқушылары көне Бозоқ қалашығының тарихына арналған ғылыми жобалары аясында “БОЗОҚ” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері АЙНАГҮЛ САБИТОВНАМЕН сұхбат жүргізді.

Подробнее »