Біздің еліміз дамудың жаңа кезеңіне өтіп, жаңа Қазақстанды құрады.
Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде, өзіміздің конституциялық құқығымызды пайдалана отырып, референдумға тікелей қатысамыз, онда Қазақстанның болашағын айқындайтын еліміз үшін тағдыршешті шешімдер қабылданатын болады. Еліміздің Конституциясына енгізілетін түзетулер биліктің өкілді тармағын едәуір күшейтіп, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтып, мәслихаттардың субъектілігін арттырады деп сенеміз. Өзгерістер Конституция баптарының үштен біріне қатысты болады. "Біздің Конституциямыз жаңа өлшемге ие болады", - деді Мемлекет басшысы.
Бізде Президент белгілеген ел дамуының барлық басым міндеттері табысты іске асырылатынына еш күмән жоқ!