Астана қаласының ГИДТЕР КЛУБЫ «БОЗОҚ» музей-қорығында. 2025 жылғы 16 мамыр күні астана қаласының ГИДТЕР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына арнайы таныстық сапармен келді.

Қонақтарға КӨНЕ БОЗОҚ қалашығының тарихы мен археологиялық зерттеулер нәтижелерін жетекші ғылыми қызметкер ҒАНИЕВА АЙНАГҮЛ СӘБИТҚЫЗЫ таныстырды. Ол сонымен қатар, болашақта салынатын жаңа музейдің концептуалдық макеті туралы толық ақпарат беріп, қалашықтың мәдени-ілімдік маңызы туралы әңгімелеп берді. ЭТНОГРАФИЯ залында тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау бөлімінің бас инспекторы ҚАЗАНБАЕВ ЖАНБОЛАТ АСҚАРҰЛЫ қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүрі мен қолөнеріне қатысты экспонаттарға шолу жасап, көрме қонағына терең танымдық мәліметтер ұсынды.

Мұндай кездесулер мамандар арасында ғылыми-танымдық ынтымақтастықты нығайтып, тарихи-мәдени мұра туралы білімді кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» музей-қорығына Астана қаласындағы Quantum STEM School мектебінің жас зерттеуші оқушылары жетекшісі Арыстан Құсайыновпен бірге танымдық сапармен келді. Іс-шара барысында оқушыларға музей-қорықтың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Подробнее »

Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Қалыбаев Асқар Қапалбекович, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ерназаров Асет Сағитұлы, сондай-ақ дирекция қызметкері Ермекқызы Аружан «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесіне арнайы келді.

Подробнее »