Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Тажығұл II қазақ қыстауы

ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы солтүстік Сарыарқа ескерткіштерін археологиялық зерттеуге бағдарланған «Нұра-Есіл өзенінің мәдени генезисін қалыптастырудағы палеогеографиялық фактор: үй құрылысының ерекшеліктері және оның эволюциясы» ғылыми бағдарламасын іске асыру мақсатында Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Тажығұл II қазақ қыстауы - археологиялық ескерткішіндегі дала жұмыстарын жалғастыруда.

Ғылыми экспедиция жетекшісі: ҚР МСМ «Бозоқ» музей-қорығының ғылыми хатшысы Айнагүл Ғаниева.

Жобаның мақсаты: қазақ қыстауларын археологиялық зерттеу және қоныстардың пайда болу генезисін анықтау, палеогеографиялық фактордың әсері, архитектуралық құрылымдардың конструктивтік ерекшеліктерін, қазақ халқының шаруашылық құрылымын қайта құру үшін анықтау.

Археологиялық зерттеулер кең аумақты қазу әдісімен жүргізілуде. 16х20 м қазба жұмыстары жүргізілді. Стационарлық тұрғын үйдің құрылымы анықталды: гранит плиталарынан іргетасының қалауы, күйдірілген кірпіштен жасалған пеш, бөрене-мәткелер қалдықтары. Жоғарғы қабатта көптеген остеологиялық материалдар, керамика мен фарфордан жасалған бұйымдар бар. Әрі қарайғы зерттеулер Сарыарқа аумағындағы үй жоспарын түсіріп алуға және қазақ үй құрылысының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin