Елорданың тарихы Бозоқтан басталады

Дорогие друзья, вы знаете, сколько эпох прошло, прежде чем Астана стал столицей независимого Казахстана?

Сол кезеңдердің бірінде елорда жанында құпияға толы ортағасырлық Бозоқ қалашығы орналасқан. Бүгін мен сіздерге 1200 жыл бойы тарихы тамған ежелгі Бозоқ туралы айтып беремін. 

Бозоқ - елорда Бозок — одна из первых страниц ранней истории нашей столицы. Памятник обнаружен к западу от г. Астана на восточном берегу оз. Бузукты. Городище Бозок расположено в центре Сарыарки, в месте, где сходятся истоки рек Есиль, Селеты, Шидерты, Нура и Сарысу. Многочисленные притоки, впадающие в Есиль, как с юга, так и севера создавали множество удобных караванных путей. На этом отрезке пути проходят торговые ответвления маршрутов Великого Шелкового пути.

Бозок қалашығы 1816 жылы Сібірден Орта Азияға сапар шеккен Иван Шангиннің жол жүру жазбаларынан белгілі болды. 1929-1930 жж. жергілікті өлкетанушы Леонид Семенов ескерткіште алғашқы барлау қазба жұмыстарын жүргізді.

Бозоктың жаңа ашылуын 1998 жылы атақты қазақстандық ғалым Кемал Ақышев бастаған археологтар жасаған болатын. 1999 жылдан бастап қалашықта археологиялық жұмыстар басталды, бұл Еуразияның далалық аймағының отырықшы мәдениеті ескерткішіндегі ең ірі зерттеулерінің бірі.

Бозоқ ескерткіші хронологиялық тұрғыдан әр түрлі кешенінен тұрады: ежелгі түрік ғибадатханасы, ортағасырлық қалашық, Алтын Орда кезеңінің қорымы, стационарлық тұрғын үйлер, қазақтардың қыстауы және суару жүйесі. Ескерткіш кешені 40 гектар жерде орналасқан.

Ескерткіште жүргізілген археологиялық зерттеулер қалашықтың құрылысының тарихын ашады VI ғасырда ежелгі түріктер әскери мемлекет құрып, Моңғолия аумағынан батысқа қарай Дунайға көшкен кезде VII ғасырда бұл территорияны игерген болатын. Бұл жерде Есіл өзенінің көптеген аңғарларының бірінде олар Бұзыкты көлінің шығыс жағалауын таңдап, үш төртбұрышты алаң салады. Өлшемі 65х55 м алаңдар үш жапырақты гүл түрінде жасалған. Оларды қоршау ені 3-5 м және тереңдігі 2-3 м ормен қоршалған. Шұңқырдан саз алынып, одан шикі кірпіштер құйылып, қамал қабырғасы салынды. Көне кезеңде қабырға негізінде ені 8 м, үстіңгі ені 5 м, биіктігі 2-3 м болатын.

ІХ ғ. ежелгі түріктер қаланы тастап кетеді, Х-ХІІ ғғ. қыпшақтардың арқасында қала қайта жанданып, өзінің бұрыңғы қалпына келеді. Бозоқтың жаңа тұрғындары қаланы ретке келтіріп, қыш кірпіштен үй салып, мұнара тұрғызады. Қаланың шығыс жақ бөлігінде қыпшақтар егіншілікпен айналысқан, жер өндеп, бақша салған. Бозок суару жүйесі Есіл алқабының табиғи жағдайларын тиімді пайдаланды. Көптеген көлдер табиғи су қоймасы ретінде қолданылғын. Олар көктемгі су тасқыны кезінде суға толды. Жазда, қажет болған жағдайда, су арналар мен егіндер арқылы ағатын.

Кемал Ақышевтың пікірі бойынша Бозоқ қыпшақ қағанының әскери бекінісі болып тұрғызылған және Ұлы Жібек жолындағы сауда керуендерін өз бақылауында ұстаған. Бозок қалашығы – еуразиялық кеңістікті игеру жолындағы қыпшақтардың алғашқы ордалары болып анықталды, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының солтүстік далалық бөлігінің маңызды қолөнер мен сауда орталығы болған. Бозоқ – Қытай мен Еуропаның, Сібір мен Қазақстанның Тараз, Сауран, Сығнақ сынды оңтүстік калаларының, оған қоса Жетісу өлкесінің, Алматы мен Тальхир қалаларының керуен жолдарын қосқан қала. Тарихи деректер бойынша, Бозоқта қола мен күмістен жасалған бұйымдар, әшекейлер, былғары, қыш ыдыстар, асыл тұқымды жылқылар саудаланған.

Шыңғысханның әскери жорықтарынан соң, Бозоқ Қазақстанның басқа қалалары сияқты бос қалады. Бозоқ қалашығының үйінділері Алтын Орда заманында ХІІІ-ХҮІ ғғ. діни-ғұрыптық орталығына айналып, Нұра-Есіл аймағын мекендеген ақсүйектер осы жерге жерлене бастайды. Бұл кезеңде көптеген жерлеу құрылыстары, күйдірілген кірпіштен жасалған 5 кесене ашылып, зерттелді. Кесенеледің қасында кірпіш күйдіретін 2 пеш табылды. Олар Х-ХҮ ғғ. Еуразияның барлық аймағына тән нысанмен жасалған.

Осы заманның маңызды жерлеулерінің бірі – алтынордалық жауынгер әйел қабірі. Барлық моңғол жерлеулері сияқты, ол әйелдің жатқан жері құпия болған, сондықтан бұл орын кездейсоқ табылған. Әйел адам осыдан 700 жылдай бұрын ағаш табытқа салынып жерленген, жасы 40-50 шамасында. Онымен бірге қабірге темір найза мен қанжар, күміс тостаған, қола айна салынған. Мойнына жартылай асыл тасты моншақтар тізілген алқа тағылған. Құлағында күміс сырға, қолында білезіктер болған. Жауынгер әйелдің басында қайын қабығынан жасалған, жібек матамен қапталған, інжу-маржандармен әшекейленген «бокка» деп аталатын әдемі бас киім кигізілген. Мұндай бас киімдерді моңғол дәуіріндегі ақсүйек әйелдер киген, бұл Бозок қорымында жерленген әйелдің жоғары мәртебесін растайды.

Ескерткіштің солтүстік шетінде төрт бөлмеден тұратын тұрғын үйлер кешені зерттелді. Зерттелген тұрғын үйлер XIII ғасырдың соңы мен XIV ғасырдың ортасына жатады. Осындай тұрғын үйлер Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияда кездеседі. Тікбұрышты 2-ден 4 бөлмеге дейін (17-20 шаршы метр) тұрғын үйлер бір дәліз арқылы қосылған. Есіктерден ағаш бағаналары сақталып, кіреберіс көлдің жағасына шыққан.Үйлердің биіктігі 2 м-ге жетеді. Қабырғалардан саз бен құм төгілуіне жол бермеу үшін Бозок тұрғындары оларды сылақпен сылап, еден күл мен саздың қалдықтарымен тапталған. Әр бөлмеде биіктігі 20-40 см, ені 0,8-1,0 м болатын П-тәрізді сазды суфалар, мұржасы бар кірпіштен жасалған қабырғаға бекітілген ошақтар бар, қабырғаларға тауашалар салынған. Төбесіне тік тіректер қойылып үстіне көл шөгінділерімен жабылған қамыс төсеніштер салынған. Тұрғын үйлердің бөлмесінде қыш сынықтары, темірден жасалған заттар, тасты диірмендер, балық сүйектерінен моншақтар табылды.

Осылайша, достар, Бозок қаласының тарихы бізге орта ғасырдағы Қазақстанның қазіргі астанасының аймағы киелі орны, бекініс-қаласы және Ұлы Жібек керуен жолдарының қиылысында маңызды орын алғандығын дәлелдейді.

Бозоқ ҮІІ-ІХ - ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда алдымен ежелгі түріктердің қасиетті жері, содан кейін егіншілікпен, балық аулау және керуен саудасын басқарумен айналысатын қыпшақтардың ордасы ретінде қалыптасты. Бұған стационарлық, өндірістік және ирригациялық құрылыстардың қалдықтары, тұрмыстық заттар, қару-жарақ, зергерлік бұйымдар, тиындар және т.б. дәлел.

ХІҮ ғасырда Бозок Нұра-Есіл аймағының рухани орталығы болып, кейінгі кезеңде мәдени-мемориалдық кешенге айналады.

Бозоқ қалашығы – Қазақстанның далалық аймағында ауқымды зерттелген алғашқы ортағасырлық ескерткіш. Ескерткіштің материалдары ортағасырлық Еуразия археологиясына қызығушылық тудырады.

Қалашықтың ашылуы мен зерттелуі Орталық Қазақстан территориясында ортағасырда қандай тайпалар мекендегені, олар қандай үйлерде тұрғанын, үстеріне қандай киім киген туралы сұрақтарға жауап береді. Мазарларды зерттеу Сарыарқаның далалық аймақтарында ислам дінінің таралуын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалашықтың зерттеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ, сондықтан бұл жердегі табылған жаңа археологиялық олжалар жайында тың мәліметтер алдағы уақытта бола жатады деген ойдамыз.

Қазіргі уақытта ескерткішті 2018 құрылған «Бозок» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы зерттейді. Оның мақсаты – ежелгі Бозок қалашығының археологиялық қазбалары негізінде «Ашық аспан астында ұлттық саябақ» құру. Жоба аясында Бозок қалашығының қалпына келтіру жұмыстары мен қатар, Қазақстандағы ежелгі және ортағасырлық ескерткіштердің тарихи кешендері қайта жаңданады.

Ашық аспан астындағы ұлттық саябақ ежелгі және орта ғасырлардағы жарқын атмосфераны қалпына келтіріп, сіздерді құпияға толы Атқа міну мәдениетінің әлемін көрсеті үшін күтеді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin