Ғалым-археолог Кемаль Акишевтің «БОЗОҚ» ұлттық археологиялық паркін құру туралы идеясы жүзеге асырылуда.

Ортағасырлық Бозоқ қалашығының археологиялық қазбалары негізінде Ұлттық парк құру идеясы тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан археология мектебінің негізін қалаушылардың бірі – Кемел Ақышұлы Ақышевке тиесілі (1924 ж. 23 мамыр – 2003 ж. 10 тамыз) . Кемел Ақышев – тарих ғылымдарының докторы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан архелогия мектебінің негізін қалаушыларының бірі.Ол Есік қорғанынан «Алтын адамды» (б.з.б. V–VI ғғ.), сақ қорғандарын, Бесшатыр некрополін, Есіл бойындағы және Отырар ескерткіштерін, сондай-ақ Бозоқ қалашығын ашқан ғалым. Ортағасырлық қалашық 1998 жылдың күзінде археологтардың Есілдің жоғарғы ағысын кешенді зерттеуі барысында анықталды. 15 маусым бойы бұл ескерткіш Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Есіл экспедициясының негізгі тұрақты нысанына айналды. Ғалым дүниеден өткеннен кейін экспедицияны оның жұбайы, археолог, әріптесі, тарих ғылымдарының кандидаты Марал Қалымжанқызы Хабдулина басқарды. К. Ақышев ашық аспан астында музей құруды ұсынып, эскиздер жасап, негізгі элементтердің авторлық реконструкциясын жасады: қасиетті орындар, хан ордасы, тұрғын аудандар, және мұнаралар. Оның қолымен жасалған макет бүгінде тарихи-мәдени жобаның шежіресіне енді. Ғалым 200-ден астам ғылыми еңбек пен 15 кітаптың авторы атанды. Тек ғылыми зерттеулерді жүйелеу нәтижесінде ғана 2018 жылы оның идеясы жүзеге асырылып, ортағасырлық Бозоқ қалашығының археологиялық қазбалары негізінде музей ашылды.

Ескерткіш құрылымы мәдени дәстүрлердің сабақтастығын айқын көрсетеді: • ерте қыпшақ кезеңінде сакралдық және саяси қызмет атқарған қасиетті орындар мен орда; • дамыған ирригациялық жүйесі бар ірі отырықшы қоныс; • Жошы Ұлысы маңызды культтік орталыққа айналған некрополь. Жобаға қатысушылар үшін басты талап – шынайы тарихи ортаны қалпына келтіру барысында ғалым еңбектерін және оның ғылыми ізденістерін қатаң басшылыққа алу.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin