Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Қалыбаев Асқар Қапалбекович, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ерназаров Асет Сағитұлы, сондай-ақ дирекция қызметкері Ермекқызы Аружан «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесіне арнайы келді.

Кездесу барысында қонақтар музей-қорық аумағында жүзеге асырылуы жоспарланған жобамен танысты. Жобаның негізгі тұжырымдамасы мен даму бағыттары туралы «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМКҚ директорының міндетін атқарушы Алишер Беспалинов жан-жақты баяндады.

Археологиялық зерттеулердің маңызы, Бозоқ ескерткішінің тарихи құндылығы, жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстар мен болашақтағы жоспарлар жөнінде археолог Қажымұрат Төлегенұлы кеңінен ақпарат берді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тараптар музей-қорықты дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және оны кеңінен насихаттау бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» музей-қорығына Астана қаласындағы Quantum STEM School мектебінің жас зерттеуші оқушылары жетекшісі Арыстан Құсайыновпен бірге танымдық сапармен келді. Іс-шара барысында оқушыларға музей-қорықтың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Подробнее »

ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК мен «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» КММ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Подробнее »