«Ботай» (екінші бөлім) кітабының тұсаукесерін өткізу аясында белгілі ғалым-археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайберт Виктор Федорович музейге Ботай мәдениетіне арналған кітаптарды сыйға тартты: «Ботай. У истоков Степной цивилизации»; «Ботай» (екінші бөлім) және көне өнер туындылары ұсынылған «Ұлы Дала мұрасы» (зергерлік өнер жауһарлары). Зайберт В.Ф. – Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша бірнеше ғылыми жаңалықтардың және 100-ден астам кітаптар мен мақалалардың авторы. Ол «Ботай» дала өркениетінің бастауы екенін дәлелдеді. Біз үшін бұл кітаптар құнды, Бозоқ ашық аспан астындағы ұлттық паркте Ботай қонысының тарихи реконструкциясы құрылатын болады. Музей акциясына қатысқаны үшін Виктор Федоровичке Алғыс білдіреміз.