ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Музейге сый» акциясын жалғастыруда.

«Бозоқ» музей-қорығы музей және кітапхана қорларын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

Қол қойылған меморандум аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Марғұлан атындағы археология институты «Бозоқ» музей-қорығының кітапхана қорына К. Ақышевтің шығармашылық және ғылыми мұрасына арналған жаңа басылымдарды тапсырды:

1.Ақышев К.А. Ақтас ғұн-үйсін кешені. Қазақстан археологиясы бойынша материалдар мен зерттеулер. 21 Том.

2.Ганиева А. . Ақышевтің ғылыми мұрасындағы археология ғасыры. Ә. Х. Марғұлан атындағы АИ еңбектері. 7 Том.

Монографияда Ақтас I қорымы мен Ақтас-2 ежелгі үйсін қоныстарының қазба материалдары ұсынылған. Зерттеулерді Жетісу археологиялық экспедициясы 1962-1964 жылдары Кеген өзенінің аңғарында, Кетментау тауларында жүргізді.

Монографияда Ақтас I қазба жұмыстарының архивтік материалдары баяндалған, 48 қорымнан тұратын 42 қорған сипатталған.

«К. Ақышевтің ғылыми мұрасындағы археология ғасыры» монографиясы Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышұлы Ақышевтің ғылыми және ұйымдастырушылық қызметін зерттеу болып табылады.

Кітапта зерттеушінің номадизмнің пайда болуы мен дамуы, сақтар мен үйсіндердің мемлекеттілігі, ежелгі қоғамдардың мәдени генезисі мәселелеріне қатысты негізгі теориялық және әдіснамалық әзірлемелері көрсетілген.

Журнал жазбалары мен фотосуреттері бар экспедициялық зерттеулердің хронологиясы берілген.

Кітаптар тарихшыларға, археологтарға және Қазақстан мен Еуразия тарихына қызығушылық танытқандардың барлығына арналған.

Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғарұлы мен Институт ұжымына ауқымды жобаны қолдағаны үшін алғыс айтамыз. Ынтымақтастық үшін рахмет!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері "Бозоқ-білім аумағы" мәдени – білім беру платформасы аясында Астана қаласы әкімдігінің №91 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары үшін "Тарих призмасы арқылы тәуелсіз Қазақстанның болашағына жаңа көзқарас" тақырыбы бойынша көшпелі музей-сабағын өткізді.

Подробнее »

Жаңалықтар 24KZ Қазақ әдебиеті тағы бір тың туындымен толықты. Оқырманға жол тартқан жаңа жинақ «Қазақ қамшысы» деп аталады. Көшпенді халықтың тұрмысы мен салтын, мәдениеті мен ғұрпын дәріптеген еңбектің авторы – жазушы-этнограф Болат Бопайұлы. Ол жауһар жәдігер саналатын ұлттық бұйымның киесі мен қасиетін, тарихтағы орнын кітапқа сыйдырған.

Подробнее »