ҚР МСМ "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы "Музейге сый"акциясын жалғастыруда.

Халықаралық музейлер күні қарсаңында Ақтөбе музейінің "Руханият" өлкетану клубының жетекшісі Абдуллина Жібек Османғалиқызы "Музейге сый" акциясы аясында 2022 жылдың 17 мамырында "Бозоқ" музей-қорығының қорына қазақ тұрмысының бірегей заттарын: мыс бассейні, құмыра мен шәйнек, тостаған, шәйнек пен қазандыққа арналған үшаяқ, қол орағын тапсырды. Жібек Османғалиқызы осы заттардың иелері, әр заттың тарихы туралы айтып берді.

Абдуллина Ж.О. өлкетанушы ретінде ұзақ жылдар бойы экспедициямен бүкіл Ақтөбе облысын аралап, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдар жинаған. Сондай-ақ қазақтардың материалдық мәдениетінің заттарын жинайды.

Біз Жібек Османғалиқызына жобамызды қолдағаны үшін алғысымызды білдіреміз.Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және насихаттау жөніндегі бірлескен жұмысымыз өскелең ұрпақ үшін маңызды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin