ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2020 жылдың 10 желтоқсанында республикалық семинар - практикум аясында «Музейге сый» акциясын өткізді.

Қазіргі уақытта музейде палеометалл дәуірінен этнографиялық қазіргі заманға дейінгі бірегей заттар коллекциясын құрайтын музей қорының материалдық мәдениетінің 400-ден астам жәдігерлері сақталуда. Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына музей акциясына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Алматы облысы Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Смаилов Олжас Ерқасымұлы «Музейге сый» республикалық акциясы аясында ерте темір дәуіріндегі 8 қыш құмыраны тапсырды. Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Әлімжанқызы Жақыпбекова өзінің ата-бабалары-ұста ісінің шеберлері туралы айтып, музей-қорыққа ұста ісі шеберлерінің қолөнер бұйымдарын (XVIII-XIX және XX ғғ.) отбасылық жәдігерлер топтамасын сыйға тартты. Сондай-ақ, «Бозоқ» музей-қорығы мен Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin