Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы "Музейге сый" акциясы аясында "Бозоқ" музей-қорығына 500-ден астам кітап тапсырды.
Алдағы жылдары елорда аумағында заманауи оқу залымен жабдықталған ғылыми кітапхана пайда болады, ол "Бозоқ"музей-қорығының Визит-орталығында орналасады.
Бүгіннің өзінде музей қызметкерлері кітапхана қорын кең аудиторияға қол жетімді етіп қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.
Ұлттық кітап сақтау орны және еліміздің ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылатын Қазақстандағы ең ірі кітапхананың директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспановаға және қызметкерлеріне біздің жобамызға қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.