«Қамшы» сөзінің тамыры ежелгі түркі тілінде — qamčï, яғни «қамшы», дегенді білдіреді. Қазақ мәдениетінде қамшы ежелден ат құралдарының ажырамас бөлігі болған және қасиетті дәстүрлерді бейнелеген. Ол батырдың әскери тектілігі мен күшін бейнеледі, сонымен қатар шамандық рәсімдердің маңызды атрибуты болды.
Тарихи тұрғыдан қазақ шабандозын қамшысыз елестету мүмкін емес. Бұл атрибут оны туғаннан бастап өмір бойы сүйемелдеп, қазақ халқының мәдени мұрасының ажырамас бөлігіне айналды. Қамшының ғасырлық тарихы көшпенділердің өмір салтын қалыптастырған дәстүрлер мен рәсімдермен тығыз байланысты.
Қазақ жазушылары да осы символға назар аударып, өз шығармаларында қамшыны атап өтті. Олардың ішінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы, М.Есламғалиұлының «Әйтеке би» кітабы және Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер»шығармалары ерекше көзге түседі. Бұрын қамшы көшпелі өмірдің міндетті атрибуты және жауынгер шабандоздың таптырмас аксессуары болған. Бүгінде ол өнер туындысына, ерекше сыйлыққа, күш пен батылдықтың символына айналды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, жетекші отандық ғалымдар, археологтар, этнологтар, сондай-ақ шығармашылық интеллигенция өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, елорданың мектептері мен колледждерінің тарих пәнінің мұғалімдері, білім алушылары, мәдениет қызметкерлері мен жұртшылық өкілдері қатысады.
Этнограф Болат Бопайұлының «Қазақ қамшысы» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Бұл жұмыс тек қазақ халқы үшін ғана емес, сондай-ақ әлемдік мәдениет пен дала өркениетін зерттеу үшін де маңызды.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері ғасырлық тәжірибе мен даналықты сақтай отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің негізіне айналды. Мыңжылдықтар бойы бізге жеткен құндылықтарды құрметтеу, сондай-ақ ұмытылған дәстүрлерді жаңғырту біздің халқымыздың жалпы тарихи контекстегі рөлін түсінуге ықпал етеді.
Біз іс-шараға қызығушылық танытып, қатысқы келетіндерді маңызды оқиғаға қосылуға, қазақ мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігіне бірге қатысуға шақырамыз.
Халықаралық ғылыми семинарға ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн қатысу мүмкіндігі бар. Идентификатор: 259 930 4549. Коды: 112233
Өтетін орны: ҚР Ұлттық музейі, Тәуелсіздік даңғылы, 54. Басталуы: сағат 11.00.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: + 7 (7172)999-062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru.