Мектеп демалысының бірінші күні 2024 жылғы 28 қазанда ҚР МАМ КК "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесінде "Бозоқ-білім аумағы" мәдени – білім беру платформасы аясында Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылы мектеп-лицейінің білім алушылары үшін Қазақстан Республикасы күніне арналған музей сабағы өтті.

"Бозоқ" музей-қорығының ғылыми қызметкері Жанболат Қазанбаев көлемді макет негізінде Бозоқ ашық аспан астындағы Ұлттық паркін құру жобасы туралы айтып берді. Қараөткел ауылында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған IT-мектеп-лицей ағымдағы жылдың қыркүйек айында ашылды.

Мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Лаззат Көшерқызы Нұрмағанбетова орта буын оқушыларын музей сабақтары, экскурсиялар арқылы ел тарихын терең зерттеуге тартады

Музей сабағы білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу процесін белсенді, мазмұнды, танымдық іс-әрекетке қанықтыру үшін үлкен мүмкіндіктер береді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin