ҚР МАМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Майнд-білім берудің маңыздылығы мен қажеттілігі» тақырыбында дәріс өтті. Дәріскер-Кореядан Со Зин Ук Халықаралық интеллектті дамыту білім беру орталығының (IMEI) директоры.

Орталық дұрыс пайымдау мен ойлау негізінде өмірлік проблемаларды шешу жолдарын үйретеді, сондай-ақ қоғамның проблемаларын шеше алатын жеке тұлға мен мамандарды тәрбиелеуді мақсат етеді.

Со Зин Ук өмірден және шағын бейнефильмнен әртүрлі мысалдар келтіре отырып, қиын жағдайларда адамға көмектесетін өзін-өзі бақылау дағдыларын қалай дамыту керектігін айтты.

Ол адам мен қоғамның табысты дамуының үш негізгі қағидасын анықтады: бірігу, қамқорлық және жанқиярлық.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» музей-қорығына Астана қаласындағы Quantum STEM School мектебінің жас зерттеуші оқушылары жетекшісі Арыстан Құсайыновпен бірге танымдық сапармен келді. Іс-шара барысында оқушыларға музей-қорықтың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Подробнее »

Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Қалыбаев Асқар Қапалбекович, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ерназаров Асет Сағитұлы, сондай-ақ дирекция қызметкері Ермекқызы Аружан «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесіне арнайы келді.

Подробнее »