Бозоқ» музей-қорығында 2026 жылғы 6 ақпан күні, Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Отырысқа Ғылыми кеңес мүшелері ретінде МАРАЛ ҚАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, БҮРКІТБАЙ ҒЕЛМАНҰЛЫ, ЗУБАЙДА ҚАБИҚЫЗЫ, ҚАЛИОЛЛА САМАТҰЛЫ қатысты.

Ғылыми кеңес құрамына ғылыми дәрежесі бар ғылыми қызметкерлер кірді. Кеңейтілген отырысқа тарихи-мәдени бөлім мен қор сақтау бөлімінің қызметкерлері де қатыстырылды.

Отырыстың күн тәртібінде жоба нысандарының 3D визуализациясын бекіту, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау, қамал қабырғаларын музеефикациялау мәселелері, сондай-ақ Бозоқ қалашығы нысандарын музеефикациялаудың тұжырымдамалық тәсілдері қарастырылды.

Күн тәртібіне сәйкес жауапты тұлғалар өз бағыттары бойынша презентациялық баяндамалар жасап, жұмыстарын қорғады. Алишер Тлеугазинович Беспалинов Бозоқ қалашығының 3D визуализациялау жобасын таныстырып, жобаның мазмұны мен оның музей-қорықтың ғылыми-зерттеу және экспозициялық қызметіндегі маңызына тоқталды.

Бурбаева Сәуле Бөкейханқызы 2026 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарын ұсынып, алдағы кезеңге жоспарланған негізгі ғылыми, мәдени-ағартушылық және музейлік іс-шаралармен таныстырды.

Қажымұрат Төлегенұлы «Қамал қабырғаларын музейлендіру мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, тарихи нысандарды сақтау, қорғау және оларды музейлік кеңістікке енгізудің ғылыми-әдістемелік қырларын кеңінен баяндады.

Сонымен қатар, Айнагүл Сәбитқызы Ғаниева Бозоқ қалашығы нысандарын музеефикациялаудың тұжырымдамалық тәсілдері жөнінде пікір білдіріп, нысандарды кешенді түрде зерттеу мен таныстырудың маңызын атап өтті.

Отырыс барысында Ғылыми кеңес мүшелері белсенді пікір алмасып, ұсынылған мәселелер бойынша өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Талқылау нәтижесінде бірқатар нақты ұсыныстар қабылданып, алдағы жұмыстардың бағыттары айқындалды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» музей-қорығына Астана қаласындағы Quantum STEM School мектебінің жас зерттеуші оқушылары жетекшісі Арыстан Құсайыновпен бірге танымдық сапармен келді. Іс-шара барысында оқушыларға музей-қорықтың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Подробнее »

Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Қалыбаев Асқар Қапалбекович, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ерназаров Асет Сағитұлы, сондай-ақ дирекция қызметкері Ермекқызы Аружан «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесіне арнайы келді.

Подробнее »

ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК мен «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» КММ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Подробнее »