Бозоқ мемлекеттік музей-қорығының директоры болып Болдықов Жандос Бекділдаұлы тағайындалды.
Жандос Бекділдаұлы 1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Мәдениет саласында 20 жылдан астам уақыт табысты еңбек етіп келеді.
2019 жылдан бастап «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды. Осы жылдар ішінде мәдени мұраны сақтау, зерттеу және насихаттау бағытында бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асырды.
Жаңа директор музейге келіп, Бозоқ мемлекеттік музей-қорығының ұжымымен танысты, алдағы жоспарлар мен даму бағыттары бойынша пікір алмасты.
Жандос Бекділдаұлына жаңа қызметінде мол табыс, шығармашылық жетістіктер мен сәтті бастамалар тілейміз! Музей-қорықтың дамуына бағытталған жұмысына сәттілік серік болсын!






