Кездесуге арнайы шақырылған заңгер, медиатор Досымов Жарас Маратұлы Конституцияның мәні мен маңызы, құқықтық жүйедегі орны және азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі туралы жан-жақты баяндап берді. Ол Конституцияның барлық заңдардың қайнар көзі әрі мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынасты реттейтін негізгі құқықтық құжат екенін атап өтті. Сонымен қатар, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың қоғам үшін маңызына тоқталып, азаматтардың жеке құқықтары мен міндеттерін кеңінен түсіндірді.
Дөңгелек үстел барысында музей қызметкерлері қонаққа өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Құрметті қонақ кәсіби тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, заң үстемдігін қамтамасыз етудің және құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Конституция – халқымыздың бірлігі мен тәуелсіздігінің берік тірегі, мемлекеттіліктің тұғырлы негізі. Осындай мазмұнды басқосулар қызметкерлердің құқықтық білімін арттырып қана қоймай, жастарға құқықтық мәдениеттің үлгісін көрсетеді.