Фолиант» баспа үйіне алғыс білдіреміз

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Музейге сый» республикалық акциясын қолдап, музей кітапханасын құнды әдебиеттермен толықтырған «Фолиант» баспа үйінің ұжымына шынайы алғыс білдіреді.

Бұл қолдау тарихи-мәдени және этнографиялық мұраны сақтау, дамыту және оны көпшілікке кеңінен насихаттау ісіне жаңа серпін берді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпаққа рухани тәрбие беруге бағытталған еңбектеріңіз халқымыздың мәдени дамуына қосылған елеулі үлес болып табылады. «Бозоқ» музей-қорығы алдағы уақытта да осындай бірлескен игі бастамаларды жалғастыруға дайын екенін жеткізеді және шығармашылық табыс тілейді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »